Кабинет

Құпиялылық саясаты

ALAÑ — балалар футболы турнирлерінің платформасы
Соңғы жаңарту: 2026 жылғы қараша
Кім жинайды

ALAÑ сайты (alansports.kz) мен мобильді қосымшасын ASPAN SOFTWARE ЖШС жүргізеді. Біз тек турнир өткізуге қажет деректерді жинаймыз және оларды сатпаймыз, жарнамаға бермейміз.

Көрермен мен ата-ана

Турнирлерді, кестені, нәтижелерді кірмей-ақ көруге болады. Командаға «Жазылу» басылғанда құрылғының хабарлама токені мен таңдалған командалар серверде сақталады — тек матч туралы хабарлама жіберу үшін. Жазылудан бас тартсаңыз, хабарлама келмейді; қосымшаны өшірсеңіз, токен серверден де өшіріледі.

Кіру

Ұйымдастырушы, матч хатшысы және команда өкілі телефон нөмірімен кіреді. Кіру коды Telegram бот немесе SMS арқылы жіберіледі. Нөмір кіру, қауіпсіздік және ұйымдастырушымен байланыс үшін қолданылады.

Команда мен ойыншылар

Команда өкілі команда атауын, ойыншылардың аты-жөнін, нөмірін, позициясын және туған күнін енгізеді. Туған күні тек жас санатын тексеру үшін қолданылады және сайтта ешкімге көрсетілмейді (тек өкілдің өзіне және турнир ұйымдастырушысына). Ойыншылардың аты-жөні, матч статистикасы және турнир фотолары турнир бетінде жарияланады — өкіл өтінім бергенде ата-аналардың келісімін растайды.

Кімге беріледі

Өтінімдегі деректерді тек сол турнирдің ұйымдастырушысы көреді. Кодты жіберу үшін Telegram және SMS провайдері, хабарлама үшін Apple (APNs) және Google (Firebase) қолданылады. Басқа үшінші тарапқа берілмейді.

Сақтау және жою

Деректер турнир өткізу және нәтижелерді сақтау үшін керек кезге дейін сақталады. Аккаунтты кез келген уақытта өзіңіз жоя аласыз: «Кабинет» → «Аккаунтты жою» (сайтта да, қосымшада да). Сонда аккаунт, командалар мен ойыншылардың деректері өшіріледі; аяқталған турнирлердің нәтижелері атыңыз бен телефоныңызсыз сақталады.

Балалар

Платформаны ересектер — ұйымдастырушылар, хатшылар, команда өкілдері мен ата-аналар қолданады. Балалардың деректерін тек олардың команда өкілі ата-ана келісімімен енгізеді.

Байланыс

Сұрақ немесе деректерді өшіру туралы өтініш болса, бізге жазыңыз: info@alansports.kz